Жеңіл өнеркәсіп — тұрақты дамудың бес жылы

Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында өңдеуші саланы дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Үкімет жеңіл өнеркәсіпті әлеуметтік маңызды деп таныды және бес жылдық тұрақты өсімді көрсетті.
Кәсіпорындарға көмек көрсету аясында Индустрия және құрылыс министрлігі өндірістік қуаттарды жаңғырту және отандық өнімдерге, негізінен шағын және орта бизнеске сұранысты ынталандыруды жалғастыруда.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,6%-ға өсіп, 259,5 млрд. теңгені құрады. Отандық жеңіл өнеркәсіптің жалпы өнімінің шамамен 61,3%-ын тоқыма бұйымдары, 32,2%-ын киім өндірісі, ал шамамен 6,5%-ын былғары бұйымдары құрайды.
2025 жылы елімізде рекордтық 466 мың тонна мақта жиналды, 116 100 тонна мақта талшығы, 500 тонна жіп, 5 млн шаршы метрден астам мата және шамамен 29 млн дана дайын тоқыма өнімдері өндірілді. Биылғы жылдың басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,3 есеге өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар