Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев Дербісек ауылындағы жағдайға және «Рауан» ЖШС қызметіне қатысты брифинг өткізді.
Кездесу барысында П-32 ұңғымасын пайдалану жоспары мен атқарылып жатқан техникалық жұмыстар бойынша жан-жақты түсініктеме берілді. Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеуде айтылған мәліметтерге байланысты ресми ұстаным жеткізілді.
Брифинг барысында тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
ДЕРБІСЕКТЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
