Түркістанда тағылымды авторлық дәріс өтті

Түркістанда саясаттанушы, тарихшы Жандос Қарынбаевтың «Қазақ-поляк байланыстарының тарихынан 33 қызықты айғақ» тақырыбындағы авторлық дәрісі өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – ғылымды насихаттау, ұлттық бірлік пен этносаралық келісімді нығайту, қазақ және поляк халықтарының тарихи байланыстарын тың деректер арқылы жаңа мазмұнда таныстыру.

Дәріс барысында спикер ғылыми негіз болған «Қазақстан поляктары: қалыптасу тарихы мен бүгіні» (2016) және «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» (2021) атты еңбектерге кеңінен тоқталып, құнды тарихи айғақтармен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дәрісте Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, Қ.Мұңайтпасов сынды тарихи тұлғалардың өміріндегі қазақ-поляк байланыстары жан-жақты баяндалды.

Авторлық дәріс ғылыми-көпшілік, еркін форматта, мультимедиялық презентация арқылы өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Аталған шараға Түркістан қаласы мен облыстың зиялы қауым өкілдері, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері және студенттер қатысты.

Тағылымды кездесу қатысушыларға тың ой салып, тарихи жады мен өзара құрметтің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар